Басты бет / Білім /
Демалыс. Қазан айы. Күнтізбе
Фото: Еgov.kz

Мектеп оқушылары 1-тоқсанда қанша уақыт оқиды және қашан демалады?

2026–2027 оқу жылының алғашқы тоқсаны 8 оқу аптасынан тұрады.  Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №213-НҚ бұйрығымен оқу жылының және каникулдардың нақты мерзімдері бекітілген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, бірінші тоқсан 8 оқу аптасынан кейін аяқталады.

Бірінші тоқсаннан кейін оқушылар 7 күн күзгі демалысқа шығады. Каникул 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаны қоса алғандағы кезеңге белгіленген.

Яғни оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу мерзімі:

  • Оқу жылының басталуы: 1 қыркүйек 2026 жыл;
  • Бірінші тоқсан: 8 оқу аптасы;
  • Күзгі демалыс: 26 қазан – 1 қараша 2026 жыл;
  • Демалыс ұзақтығы: 7 күнтізбелік күн;
  • Екінші тоқсан: 2 қарашадан басталады.

Алайда демалыс алдындағы 24 және 25 қазан – сенбі және жексенбі күндеріне түседі. Сондықтан оқушылар үшін демалыс күндері көбірек.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok