Қазақстан халқының саны 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 20 604 819 адамға жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 104 997 адамға артқан.
Алматы халқы 2,3 миллионнан асты
1 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 13 211 759 адам қалада, ал 7 393 060 адам ауылдық жерде тұрады.
Халық саны ең көп қала – Алматы. Мұнда 2 379 793 адам тұрады.
Ірі қалалар бойынша:
- Алматы – 2 379 793 адам;
- Астана – 1 690 605 адам;
- Шымкент – 1 313 348 адам.
Түркістан облысы көш бастады
Өңірлер арасында халық саны ең көп облыс – Түркістан облысы. Мұнда 2 144 993 адам тұрады.
Одан кейін:
- Алматы облысы – 1 614 234 адам;
- Жамбыл облысы – 1 211 705 адам;
- Қарағанды облысы – 1 130 313 адам.
Ал халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Онда 217 670 адам тұрады.
