Басты бет / Жаңалықтар /
ШЫҰ
Фото: Ақорда

Тоқаев ШЫҰ саммитінде әлемдегі геосаяси ахуалға тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде ұйымның қазіргі әлемдегі рөліне тоқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына алғыс айтты.

Тоқаев кездесу Қырғызстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеу кезеңімен тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиёевті осы тарихи датамен құттықтады.

«ШЫҰ адамзаттың жартысына жуығын біріктіреді»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ширек ғасыр ішінде ШЫҰ «Шанхай бестігінен» Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын, адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналған.

Президент ұйымның негізгі қағидаттарына тоқталды. Оның қатарында егемендікті құрметтеу, ішкі мәселелерге араласпау, өзара сенім, ашықтық және ынтымақтастық бар.

ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді әрі оның қызметі қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Ұйым мүлдем басқа саяси философияға, яғни түпкі өзегінде прогресс жолындағы ортақ бастамалар идеясы жатқан «Шанхай рухына» сүйенеді, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев қазіргі әлемде халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, геосаяси бақталастық күшейіп, өзара сенімге селкеу түскен.

Президент осы жағдайда ШЫҰ-ның маңызы арта түсетінін айтты.

Біздің басты мақсатымыз – қуатты әрі өркендеген ШЫҰ қоғамдастығын құру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook