Басты бет / Жаңалықтар /
монета
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монетасын шығарды

Ұлттық банк қазақтың әйгілі лиро-эпостық жырына арналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монетасын айналымға шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа монета «Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі» сериясына кіреді. Оны 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Ұлттық банк мәліметінше, монетаның дизайны «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанының желісімен әзірленген. Оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған.

Монетаның сипаттамасы қандай?

Коллекциялық монета МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған.

Негізгі сипаттамалары:

  • номиналы – 200 теңге;
  • салмағы – 15 грамм;
  • диаметрі – 33 мм;
  • сапасы – Brilliant Uncirculated;
  • таралымы – 7 мың дана.

Монетаны коллекционерлер 2 қыркүйектен бастап ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып ала алады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook