Басты бет / Жаңалықтар /
жаңбыр, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 1–3 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйектің алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалы сезіледі. Соған байланысты көптеген өңірде ауа райы негізінен құрғақ әрі бұлт аз болады.  Ал еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады.

Алматы облысы тауларында қатты жаңбыр жауады

Алматы облысының таулы аудандарында 1 қыркүйекте қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Алматы облысы бойынша 1 қыркүйекте түнде ауа температурасы +10…+15 градус, таулы жерлерде 0…+5 градус шамасында болады. Күндіз +20…+25 градус, таулы аудандарда +10…+15 градус күтіледі.

Алматы қаласының өзінде 1 қыркүйекте түнде +15…+17 градус, күндіз +21…+23 градус болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. 2 қыркүйекте де қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін..

Астанада ауа райы салқын болады

Елордада 1 қыркүйекте түнде ауа температурасы +3…+5 градус, күндіз +13…+15 градус болады. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі.

2 қыркүйекте түнде температура +1…+3 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа +16…+18 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады

1–2 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын күтіледі.

Түнгі уақытта кей жерлерде жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Солтүстікте үсік жүреді

Қыркүйектің алғашқы күндерінде еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта 0…+5 градусқа дейін салқындап, кей жерлерде 1–3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Мәселен, Қостанай облысында 1–2 қыркүйекте түнде кей жерлерде үсік күтіліп, күндіз температура +10…+15 градус шамасында болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook