Басты бет / Жаңалықтар /
көлік
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі түнде жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

31 тамыз сағат 22:00-ден 1 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінің Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық жабылады.

Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды қарастыру ұсынылды.

Жөндеу жүргізілетін учаскеге тиісті ескерту белгілері қойылады. Жұмыс мерзімі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram