Басты бет / Жаңалықтар /
Ерлан Қарин
Фото: Ақорда

Қазақстанның жаңа вице-президентіне қандай міндеттер жүктелді?

Бүгін, 31 тамызда Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сағат бұрын вице-президент болып тағайындалған Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кездесуде мемлекет басшысы вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және оның мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Ақорданың мәліметінше, президент Ерлан Қаринге бірқатар нақты міндет жүктеді.

Вице-президенттің негізгі міндеттері қандай?

Ерлан Қаринге құрылтаймен, үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде мемлекет басшысының атынан өкілдік ету тапсырылды.

Вице-президентке құрылтаймен, үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізуді тапсырды, – деп хабарлады Ақорда.

Еске салайық, бүгін құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынған. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын қолдап, Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып сайланды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram