Басты бет / Жаңалықтар /
Ләззат Танысбай
Ләззат Танысбай. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басшысы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарған.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

24KZ арнасының рөлін күшейту міндеті қойылды

Жаңа қызметінде Ләззат Танысбайға «Хабар» агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.

Сонымен қатар 24KZ телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту көзделіп отыр.

Осыған байланысты Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook