Басты бет / Жаңалықтар /
вице-президент Ерлан Қарин
Фото: gov.kz

Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин болды

Бүгін құрылтай депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Осылайша Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қариннің кандидатурасын құрылтайдың 141 депутаты қолдаған.

Ерлан Қарин қандай қызметтер атқарған?

Ерлан Қарин бұған дейін мемлекеттік басқару саласында бірқатар жоғары лауазым атқарған.

2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды. Кейін мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарды.

2022 жылғы 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Сол жылдың 14 маусымынан бастап мемлекеттік кеңесші болып жұмыс істеді.

Ал 2026 жылғы 30 маусымда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанда вице-президент лауазымы қайта енгізілді. Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram