Басты бет / Жаңалықтар /
Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Тоқаев Олжас Бектеновті премьер-министр қызметіне қайта ұсынды

Бүгін құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қайта ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, Бектенов үкіметті басқарған кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен. Бұған дейін президент премьер-министр лауазымына кандидатураны талқылау үшін құрылтайдағы фракция жетекшілерімен кездескен.

Енді құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің кандидатурасына келісім беруі керек.

Олжас Бектенов туралы не белгілі?

Олжас Бектенов 1980 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

2019 жылғы 26 маусымнан бастап мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы 25 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне кірісті.

Ал 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалған. Бүгін президент оны бұл қызметке қайта ұсынды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook