Басты бет / Жаңалықтар /
Ерлан Қарин
Фото: Akorda.kz

Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды

Бүгін құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, вице-президент құрылтай депутаттарымен және үкіметпен тығыз жұмыс істеп, Конституцияға сәйкес президенттің міндеттерін жүзеге асыруға атсалысады.

Мен бұл лауазымға Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеді. Көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат. Ауқымды реформаларды іске асыруға атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ерлан Қариннің мемлекеттік қызметтегі жолы

Ерлан Қарин 2019 жылғы сәуірден 2020 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды. Кейін мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарды.

2022 жылғы 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы болып тағайындалса, сол жылдың 14 маусымында Мемлекеттік кеңесші қызметіне кірісті.

2026 жылғы 30 маусымда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанда вице-президент лауазымы қайта енгізілді. Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook