Басты бет / Жаңалықтар /
балабақша
Фото: Астана әкімдігі

БҚО-да балабақша бухгалтері 30 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Батыс Қазақстан облысында балабақша бухгалтері заңсыз жоғары жалақы бекіткен. Ол 30 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

5 жыл бойы заңсыз ақша аударған

Бас прокуратураның мәліметінше, БҚО-дағы Сырым ауданында бухгалтері өзінің есепшотына штат кестесі бойынша бекітілген еңбекақыдан жоғары сомада қосымша қаражат аударған. Ол 5 жыл бойы заңсыз ақша аударып келген.

Мүлікті заңсыз иемденуге қатысты тергеу

Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша, прокуратура осы істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір бұл іс сотқа дейін тергеліп жатыр. Істі тергеуге Батыс Қазақстан облысындағы экономикалық тергеу департаменті жауапты.

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденген күдіктінің кінәсі толық анықталған соң, уәкілетті орган оның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымды істі атқаруға немесе қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram