Кипр аралының жағалауында апатқа ұшыраған кеменің бортында алдын ала мәлімет бойынша Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар оқиғаға қатысты ақпаратты тексеруді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Кипр жағалауында бортында 267 жолаушысы бар кеме апатқа ұшыраған. Кейінгі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан жеті адам қаза болған.
Кеме Кирениядан Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына бағыт алған. Катамаран жағалаудан шамамен төрт миль қашықтықта су ала бастаған.
