Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оралдағы түнгі клубта ер адам қызды аяусыз шыны ыдыспен ұрып-соққан

Оралдағы түнгі клубтардың бірінде қыздың соққыға жығылған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Видеодан оқиғаның клубтың қосалқы бөлмелерінің бірінде болғанын көруге болады. Еденде жатқан қыз ер адамның соққысынан қорғануға тырысады. Бір сәтте ол ер адамды өзінен итеріп жібереді. Алайда ер адам қыздың басынан үлкен шыны ыдыспен ұрады. Соққыдан ыдыс сынады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Полиция қылмыстық іс қозғады

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген полиция хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде ұсталған ер адамның құқық қорғау органдарының қызметкері екені туралы ақпарат тараған. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарып, оның ведомствоға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ведомство ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram