Синоптиктер Қазақстан бойынша 31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Ал оңтүстікте күн әлі де жылы болып, кей қалаларда ауа +30 градустан асады.
Солтүстік пен орталықта салқын ауа райы сақталады
Астанада күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +12…+14°C болады. Топырақ бетінде 1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
Ақтөбеде түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C күтіледі. Қарағандыда ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C болады.
Көкшетауда түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C, Қостанайда түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C болады.
Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Павлодарда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +13…+15°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C болады.
Оңтүстікте +32 градусқа дейін жылынады
Алматыда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +26…+28°C.
Талдықорғанда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +25…+27°C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Түркістанда ауа райы ашық әрі жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.
Таразда түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C болады.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.
Батыс өңірлерде де күн салыстырмалы түрде жылы болады. Атырауда түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C. Ақтауда +16…+18°C-тан +25…+27°C-қа дейін жылынады. Қалада екпінді жел соғуы мүмкін. Оралда ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C болады.
Семейде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
Өскеменде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +15…+17°C болады.
