Басты бет / Жаңалықтар /
электросамокат, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиектасқа соғылған: 44 жастағы ер адам самокаттан құлап, көз жұмды

Алматыда түнгі уақытта электросамокат  айдаған 44 жастағы ер адам жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, ауыр жарақат салдарынан қаза тапты. Оқиға туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми парақшасында жазылды.

Оқиға Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты басқара алмай қалып, жол жиегіндегі жиектасқа соғылған. Қатты құлағандықтан ол өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетіп, ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер бірнеше минут бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған жарақаттары салдарынан ол көз жұмды.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам самокат айдаған кезде шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл жағдай самокат жүргізушілеріне жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын тағы бір еске салады. Қорғаныш дулығасы мен өзге де қауіпсіздік құралдары — жай ғана талап емес, адамның өз өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған маңызды сақтық шаралары.

Кей жағдайда жай құлаудың өзі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан самокатпен жолға шыққан кезде қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарамаған жөн.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok