28 тамызда Қазақстан Республикасының Дубайдағы бас консулдығы қаза болған азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елге қайтаруды ұйымдастырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында БАӘ-нің құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірлік прокуратурасымен және тиісті құзырлы мекемелермен тұрақты байланыста жұмысты жалғастыруда, сонымен қатар марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.
ҚР сыртқы істер министрлігі қаза болған азаматшалардың отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.
