Басты бет / Жаңалықтар /
Динара Сәтжан келін түсірді
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан келін түсірді: «Бұл – өте үлкен жауапкершілік»

Тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжанның Даниал есімді ұлы Айнұр есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Бұл туралы Динара Сәтжан әлжелідегі парақшасында жазды.

Тележүргізуші бүгін келінін үйге алып қайтатынын айтып, бұл өзі үшін үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

«Бүгін келінімізді үйге алып қайтамыз! Білесіздер ме, бұл – өте үлкен жауапкершілік. Заманауи ене ретінде зумерлердің өздерінің жеке шекарасына өте ұқыпты қарайтынын түсінемін. Мен оларды жақсы түсінемін. Ал біз, миллениалдар, «шыдам мен еңбек бәрін жеңеді» деген дәуірде өстік қой. Альфа буынымен қарым-қатынасымыз қандай болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Сірә, ол кезде ене болу үшін дипломатия бойынша арнайы курстан өтуге тура келетін шығар» – деп жазды Динара Сәтжан.

Ол келінімен жақсы қарым-қатынас орнату үшін алдымен өзін тәрбиелеуге дайын екенін де атап өтті. Тележүргізуші жастардың жеке шекарасын құрметтеп, қажет болған жағдайда ғана жанынан табылатынын айтты.

Осылайша, Динара Сәтжан отбасына келін түсіріп, қуанышын оқырмандарына бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook