Алматы қаласының құтқарушылары Алмалы ауданындағы Тұрғыт Өзал көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан. Оқиға орнына келген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тұрғын үйдің қатты түтінге оранғанын анықтаған.
Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау және адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өрт болған аумақта газ бен түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.
