Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрай Серікбай
Видео скрині

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс апелляциялық сотта қаралады: сотталған тарап шағым берді

21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шерхан Аймаханның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл туралы жәбірленуші отбасының өкілі Аянхан Омаров әлжелідегі парақшасында хабарлаған. Оның сөзінше, сотталған Шерхан Аймаханның қорғаушылары апелляциялық шағымға қажет құжаттарды дайындап қойған.

Адвокат шағымды әлі толық зерттеп үлгермегенін, материалдармен танысып болған соң оған қатысты өз қарсылығын білдіретінін айтты.

«Нұрайдың ісі бойынша сотталған Аймахан Шерханның қорғаушылары тарапынан апелляциялық шағым түсірілді. Оны зерделеп, қарсы пікір келтіретін боламын. Енді алдағы уақытта апелляциялық сот отырыстары болатын болды», – деді Аянхан Омаров.

Енді іс бойынша сот отырыстары апелляциялық сотта өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкімі 2026 жылғы 13 тамызда Шымкентте шығарылды. Сот шешімімен Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда қорғау тарапы үкіммен келіспей, апелляциялық шағым берген. Осыған байланысты іс енді апелляциялық сатыда қаралады.

285f0dc431800bf0445e2654253986e4 Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс апелляциялық сотта қаралады: сотталған тарап шағым берді
Фото: Аянхан Омаровтың treads-тегі жазбасы

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok