Басты бет / Жаңалықтар /
орман өрт
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде ормандағы өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды

Ақтөбе облысында орман өрті екінші тәулік бойы сөндіріліп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт 27 тамызда тіркелген.

Өрт ошағы әуеден патрульдеу, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауының арқасында дер кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге орман күзетінің қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары, тікұшақтар мен «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің арнайы техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша күштер де жіберілген.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт елді мекендер мен басқа орман алқаптарына таралған жоқ. Қазір мамандар өртті толық оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.

Экология министрлігі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Алайда өрттің қанша аумақты шарпығаны нақтыланбады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram