Басты бет / Жаңалықтар /
инженерлік желілер
Фото: Алматы әкімдігі

31 тамыздан бастап Алматыдағы көлік қозғалысы шектеледі

Алматының Алмалы ауданында 31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты Байзақов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, шектеу Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі. Бұл аумақта салынып жатқан «Шевченко-Байзақов» тұрғын үй кешеніне жылу, су құбыры және су бұру желілері тартылады.

Жұмыстар үш учаскеде жүргізіледі

Жылу желісі Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы қосылу нүктесінен салынып жатқан тұрғын үйге дейін жүргізіледі. Ал су құбыры мен су бұру желілері Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы қосылу нүктелерінен нысанға тартылады.

Жұмыстарды Qazaq Stroy компаниясы атқарады. Жоба аясында кәріз желілерін монтаждау және кейін аумақты абаттандыру да жоспарланған. Барлық жұмысты 18 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.

Жүргізушілерге уақытша шектеулерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар жұмыс жүргізіліп жатқан аумаққа жақын жерде қауіпсіздік талаптарын сақтау сұралды.

aaf2a222b7552032265ed298e8ae4125 31 тамыздан бастап Алматыдағы көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Алматы әкімдігі

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok