Басты бет / Жаңалықтар /
Айбек Дәдебай
Айбек Дәдебай. Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

Бүгін Астанада бірінші сессия ашылғаннан кейін ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай сайланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның кандидатурасын бүгін Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын, — деген болатын Тоқаев.

Депутаттар жасырын дауыс берді.

Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Сонымен қатар 2001-2002 жылдары қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.

2008-2011 жылдары ҚР парламенті сенаты аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР парламентінің сенаты төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы.

2013-2019 жылдары ҚР парламенті сенаты төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2019-2021 жылдары ҚР президенті кеңсесі бастығының орынбасары.

2021 жылғы мамыр — 2022 жылғы қаңтар аралығында ҚР президенті іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылы ҚР президенті іс басқарушысы. 2024 жылы ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болды.

Ал 2026 жылғы мамыр айынан Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook