Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын құрылтай мен үкіметтің құрамы толық жасақталғаннан кейін жариялайтынын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президенттің айтуынша, алдымен құрылтайдың құрылымы қалыптасып, үкіметтің жаңа құрамы бекітіледі.
Ата заң бойынша үкімет жаңадан сайланған құрылтай алдында өз өкілетін тоқтатады. Сондықтан құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңа үкімет пен құрылтайдан кейін жолдау жарияланады
Мемлекет басшысы құрылтай мен үкімет құрамы толық айқындалғаннан кейін Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауын жариялайтынын айтты.
Президент жолдауда көтерілетін бастамаларды атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп жүзеге асыруы керек екенін атап өтті.
Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек, – деді президент.
