Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз
Фото: Ақорда

«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер»: Президент Құрылтай төрағалығына кімді ұсынды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын қалыптастыру жұмыстары басталатынын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, осы үдерістің алғашқы қадамдарының бірі – Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, оның құрылымын қалыптастыру. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президент Конституцияның 57-бабына сәйкес, Құрылтай Төрағасының кандидатурасын Президент ұсынатынын атап өтті.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілігі жоғары қызметке Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

Президент Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағалығына лайықты кандидат деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, Дәдебай мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл еңбек еткен, мол тәжірибе жинақтаған. Сондай-ақ мемлекет басшысы оның білімді, отаншыл әрі адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдегенін атап өтті.

«Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», — деді Президент.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok