Басты бет / Жаңалықтар /
үкімет отырысы, депутат, қызмет, жиналыс
Фото: Аkorda.kz

Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құжат бойынша, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы құрылтайының алдында үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес қабылданған.

Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, – делінген құжатта.

Мемлекет басшысының жарлығы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook