Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясына қатысады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, сессия Астанада сағат 11:00-де басталады.
Президенттің Құрылтай отырысында сөйлейтін сөзі сағат 11:00-де республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 23 тамызда өткен сайлаудан кейін шақырылып отыр. Жаңа бір палаталы заң шығарушы орган құрамына 145 депутат кірді.
