Басты бет / Жаңалықтар /
Непалдағы су тасқыны
Фото: Depositphotos.com

Непалдағы су тасқыны: тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін олардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткені белгілі болған.

Дипломаттар жоғалған азаматтардың туыстарымен байланыста

Сыртқы істер министрлігі іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Ведомство мәліметінше, жоғалған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған.

Бұған дейін СІМ Непалдағы апаттан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлаған еді. Кейін ақпарат нақтыланып, алдымен бір, қазір екі Қазақстан азаматының іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram