Басты бет / Жаңалықтар /
құрылыс алаңы, кран, тұрғын үй
Фото: Нұрназар Әмзе

Астанада құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза болды

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, оның үстінде болған краншы қаза болды. Қайғылы оқиға 27 тамызда болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға туралы ақпаратты Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті растады.

27 тамызда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлап, салдарынан краншы қаза болды, – деп мәлімдеді ТЖД.

Оқиға орнында ер адам қаза болды

Қайғылы жағдай орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы барған. Дәрігерлер ер адамның қаза болғанын анықтады. Алған жарақаттары өте ауыр болған.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook