Басты бет / Әке мен бала /
мопед, жеткізу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Әйел курьерлерге арналған әлеуметтік жоба іске қосылады

Қазақстанда қиын жағдайға, дағдарысқа тап болған әйел курьерлерді қолдау үшін әлеуметтік жоба іске қосылады. Жобаға балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар, мүгедектігі бар тұлғалар, отбасында ауыр науқас бар жандар қатыса алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жобада қандай бағыттар бар?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше,  Yandex Qazaqstan компаниясы мен «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қоры әлеуметтік жоба туралы меморандумға қол қойды.

Бірлескен жобада бірнеше бағыт бар. Жоба авторлары:

  • әйелдердің құқықтық және қаржылық сауатын арттыруды;
  • мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат таратуды;
  • әлеуметтік қызметтерді алуға жәрдемдесуді;
  • білім беру және ақпараттық бағдарламаларға қатысуына көмектесуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар әйелдерге құқықтық, психологиялық және гуманитарлық көмек беру, медициналық қызметті пайдалануға жәрдемдесу мүмкіндігі де қарастырылған.

Жобаға қатысу үшін не істеу керек?

Жобаға Yandex Go мобильді қосымшасындағы «Тамақ», Lavka және «Жеткізу» сервистері арқылы тапсырысты тасымалдайтын әйелдер қатыса алады. Сондықтан әйел курьерлер кемінде төрт апта бойы осы сервистерді пайдалануы керек. Өтініштерді іріктеу кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж әйелдерге басымдық беріледі және қатысушының қиын жағдайға немесе дағдарысқа тап болғаны анықталады.

Өтініш беру тәртібі

Қатысу шарттары мен өтініш беру тәртібі туралы толық ақпаратты Yandex Pro мобайл қолданбасындағы «Ынтымақтастық туралы негізгі ақпарат» бөлімінен, «Әйел курьерлерге көмек» мақаласынан білуге болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook