Басты бет / Жаңалықтар /
Үлкен Алматы көлі
Фото: Алматы әкімдігі

Үлкен Алматы көлі маңындағы таудан тас опырылып түсті

Үлкен Алматы көлі маңындағы таудан тас құлап, опырылып түсті. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әлеужеліде Іле-Алатауы аумағында тас опырылған сәт түсірілген видео тарады. Жазба авторының мәліметінше, оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2500 метр биіктікте болған. Куәгерлердің айтуынша, күн ашық болғанына қарамастан, таудан кенеттен тастар құлап, айналаны шаң басқан. Адамдар қауіпті аумақтан қашық болғандықтан, ешкім зардап шекпеген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Осы ақпаратқа байланысты Алматы қаласының ТЖД жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға 25 тамызда шамамен сағат 14:00-де болған. Төтенше жағдайлар департаменті бұл туралы әлеужелідегі бейнематериалды мониториң барысында 27 тамыз күні сағат 11:00 шамасында анықтаған.

Үлкен Алматы көлі аумағында тас құлағаны туралы видео анықталды. Зардап шеккендер туралы Алматы қаласының ТЖД-сына ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram