Басты бет / Жаңалықтар /
Димаш Кудайбергенов
Фото: Dimashnews.com

Қазақ туын көтерген Мексика тұрғындары: Димаш жанкүйерлері ел назарын аударды

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ұйымдастырған ерекше акция жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара кезінде Мексикадағы Dears Қазақстан туын және DQ инициалдары бейнеленген маскаларды алып шығып, жиналған жұртқа Димаш шығармашылығы мен оның алдағы DIMENSIONS әлемдік туры туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мексикадағы Dears әнші шығармашылығын жаңа аудиторияға таныстыру үшін түрлі мүмкіндіктерді пайдаланып келеді. Бұл жолы фан-клуб мүшелері Мексика мәдениетінде ерекше орын алатын Lucha Libre-ге арналған іс-шараға қатысты.

Lucha Libre – Мексикадағы танымал мәдени құбылыстарының бірі. Кәсіби күрестің бұл түрі түрлі-түсті маскаларымен, әсерлі акробатикалық қойылымдарымен және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы дәстүрлерімен ерекшеленеді. 2018 жылы Lucha Libre Мехико қаласының материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танылған.

Іс-шара Мексикадағы Lucha Libre-нің тарихы мен мәдени бастауларына арналды. Осы шара барысында Димаш жанкүйерлері ерекше атрибутикасымен көпшіліктің назарын аударды. Олар Қазақстан туын және Димашқа арналған DQ инициалдары бейнеленген маскаларды алып келген.

Мексикадағы Dears ұйымдастырған акция жергілікті БАҚ өкілдерінің де қызығушылығын оятты. Акцияға қатысушылардың бейнежазбасы Мексикадағы танымал ойын-сауық медиаресурстарының бірі – Televisa Espectáculos әлжелілеріндегі парақшаларда жарияланды.

Акция телевизия эфирінен де көрсетілген. Клуб мүшелерінің мәліметінше, жанкүйерлер ұйымдастырған шара туралы арнайы сюжет TV Azteca медиатобына қарасты жаңалықтар телеарнасы ADN 40 эфирінде көрсетілген.

Осылайша, Димаштың Мексикадағы жанкүйерлері Lucha Libre сияқты жергілікті мәдени ортада Димаш шығармашылығын таныстырып, оның халықаралық аудиториясын кеңейтуге бағытталған тағы бір креатив акция өткізді.

Димаштың Мексикадағы алдағы концерті оның DIMENSIONS әлемдік турының бір бөлігі болады. Әлемдік тур аясындағы концерттер арқылы әнші өз шығармашылығын әр елдегі тыңдармандарына ұсынуды жалғастырып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS турының концепциясына байланысты жаңа образын көрсетіп, ақшыл-сары, ақ түске жақын шаш үлгісімен жанкүйерлерін таңғалдырған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen Méxicoficial (@dq.mexicooficialfc)

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram