Басты бет / Жаңалықтар /
JUZ40
Фото: JUZ40 баспасөз қызметі

ҰБТ-ның үздіктері марапатталды. Алматыда 6 мыңнан астам түлек қатысқан кеш өтті

26 тамызда Алматыдағы «Алматы Аренада» JUZ40 EdTech компаниясының дәстүрлі түлектер кеші – JUZ40 FEST өтті. Биылғы іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 6 мыңнан астам түлек, ата-ана және ұстаз қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жыл сайын ұйымдастырылатын кештің мақсаты – оқушылардың бір жыл бойғы еңбегін қорытындылап, үздік түлектерді марапаттау және мектеп бітірушілерге алдағы оқу жолына мотивация беру.

«Құс жолы»: түлектерге жаңа бағыт

Биылғы JUZ40 FEST-тің тақырыбы «Құс жолы» деп аталды. Ұйымдастырушылар бұл атауды үш мағыналық деңгеймен байланыстырған.

Тарихи тұрғыдан көшпенділер түнгі далада жұлдыздарға қарап бағыт алған. Мәдени тұрғыда өткеннің ұлы тұлғалары кейінгі ұрпаққа жол көрсететін символдық жұлдыздарға айналады. Ал JUZ40 түлектері болашақта өзінен кейінгі буынға бағыт көрсететін жаңа жұлдыз болуы керек деген идея ұсынылған.

Кеш барысында түлектер ҰБТ нәтижелері бойынша бірнеше номинацияда марапатталды. Олардың қатарында «KZ рекордсмендер», 138–139 балл иегерлері, «140 балл», сонымен қатар «Жыл прогресі» және «Жыл жұлдызы» номинациялары болды.

Биыл JUZ40 компаниясының алты оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған.

JUZ40
Фото: JUZ40 баспасөз қызметі

Кеште қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетті

JUZ40 FEST-тің концерттік бағдарламасында танымал қазақ өнерпаздар өнер көрсетті. Сахнаға Ninety One, Жанар Дұғалова, ILHAN, Yenlik, ALPHA және Alem шықты. Ал арнайы қонақ ретінде артист әрі жүргізуші Нұрлан Қоянбаев түлектерге құттықтау сөзін арнады.

JUZ40 FEST – түлектеріміз асыға күтетін ерекше іс-шара. Осындай жобалар арқылы білімді трендке айналдырсақ дейміз. Биыл компаниямыздан алты бірдей оқушымыз 140 балл иегері атанды. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш болды. Әрбір түлекке алдағы жолда сәттілік тілейміз, – деді JUZ40 EdTech компаниясының математикалық сауаттылық пәнінен жетекші мұғалімі Дулат Мұратов.

JUZ40 2018 жылдан бері 10–11 класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындап келе жатқан EdTech білім беру орталығы. Компанияның мәліметінше, сегіз жыл ішінде мұнда 180 мыңнан астам оқушы білім алған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok