Түркістан облысының Леңгір қаласында түнде жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оны ұрып-соққан екі күдікті ұсталды. Олар жәбірленушінің ұялы телефонын алып кеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиғаға қатысты бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Күдіктілер қамауға алынды
Түркістан облысы полиция департаментінің тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктілердің жеке басын анықтаған.
Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
