Басты бет / Жаңалықтар /
жеңіл атлетика, Орталық Азия чемпионаты

Орта Азия чемпионатында Қазақстанның жеңіл атлеттері 26 медаль еншіледі

Ташкентте жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыста 11 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық құрама сапында бірнеше спортшы чемпион атанды. Найза лақтыруда Ұлболсын Есіркеп, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Юлия Башманова, ұзындыққа секіруде Алина Чистякова үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар Виктория Ан 100 және 200 метрлік қашықтықта топ жарды. Иван Иванов ядро серпуден, Мария Ефремова үш қарғып секіруден, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден алтын медаль иеленді. Зелимхан Насыров та үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды.

Қазақстан спортшылары эстафетада да чемпион атанды. 4×100 метр эстафетада Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башмановадан құралған команда бірінші орын алды.

Күміс жүлдеге Никита Изотов (800 м), Алан Иванов пен Милана Зубарева (400 м), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) және Анастасия Колода (400 м кедергілер) ие болды. 4×100 метрлік эстафетада Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров күміс медаль жеңіп алды.

Ал Давид Ефремов, Ақбілек Құралбай, Томирис Ерматова, Варвара Дмитриева, Антонина Чернышева және Екатерина Колода жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатында жалпы 26 медаль еншілеп, жақсы нәтиже көрсетті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram