Басты бет / Жаңалықтар /
көлік нөмірі
©kolesa.kz

Жетісуда жүргізуші көлігіне өзге нөмірді тіркегені үшін жауапқа тартылды

Жетісу облысындағы Жаркент қаласында көлігіне басқа мемлекеттік нөмірді таққан жүргізуші жауапқа тартылды. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Polisia.kz дерегінше, полицейлер қала көшелерінің бірінде Audi 100 көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлікке орнатылған мемлекеттік нөмірдің басқа көлікке тиесілі екені анықталды.

Нақтырақ айтқанда, жүргізуші Toyota Camry автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан. Полиция заңсыздықты анықтап, көлікті тоқтатқаннан кейін істің материалдарын сотқа жолдаған.

Істі Панфилов ауданының соты қарап, жүргізушіні кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ер адам бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Заңсыз пайдаланылған мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді. Ол белгіленген тәртіппен жойылуға жіберіледі.

Полиция бөтен көлікке тиесілі мемлекеттік нөмірді пайдаланудың заң талаптарына қайшы екенін еске салды.

***

Тағы оқыңыз: 

Енді көлікті ұқыпты айдаған жүргізушілер автосақтандыруды арзанырақ төлейді

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok