Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлжеліге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығын сақтау мәселесіне назар аударды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект және агрессив маркетиң балалардың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Сондықтан өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы, эмоциялық тұрақтылығы мен адамгершілік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздік және елдің орнықты дамуы үшін маңызды факторға айналып отыр.

Президент қазіргі жағдай 2018 жылы қабылданған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңды қайта қарап, оған елеулі өзгерістер енгізуді талап ететінін атап өтті.

Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеген. Бұл құжат биыл маусым айында парламенттің қарауына ұсынылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы көптеген озық елдердің балаларды цифрлық ортадағы қауіптен қорғауға бағытталған осындай шараларды қабылдағанын айтты. Оның пікірінше, қауіптің салдарымен күресумен шектелмей, оның алдын алуға басымдық беретін уақыт келді.

Үкіметке балаларды қорғау мақсатында интернеттегі мазмұнды, яғни контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдау тапсырылды. Президент бұл жауапкершілікті белгілі бір себептерге байланысты тек ата-аналарға жүктеу дұрыс емес екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін кеңінен таратуды тапсырды. Оның айтуынша, мұндай шара балалардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok