Басты бет / Жаңалықтар /
арал, каспий
Фото: Lada.kz

Қазақстанда жаңа арал пайда болды

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде су деңгейінің тартылуына байланысты жаңа арал пайда болды. Ерекше құрлық бөлігі видеоға түсірілді. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап, Baribar.kz хабарлап отыр.

Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашовтың айтуынша, кейінгі 4–5 жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде, соның ішінде Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Ұшарал, Маякшыққан және Долгий аралдарының маңында теңіз деңгейінің төмендеуінен жаңа құрлық бөліктері пайда бола бастаған.

«Жақында пайда болған аралдардың бірі – Рыбачий. Ол Киелі аралдан шығысқа қарай шамамен 500 метр қашықтықта және Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан»,- деп хабарлады ол.

Ерболат Мұқашовтың сөзінше, жаңа аралдың негізгі мекендеушілері – қасқырлар. Сонымен қатар бұл аумақта жабайы қабандар мен борсықтар да кездеседі. Жағалау маңындағы сулар мен аралдарда балықтар мен құстардың алуан түрі мекендейді.

Аралға сапар Маңғыстаудағы Каспий теңізін қорғаушы әрі экосарапшы Данияр Ақымжановтың қолдауымен ұйымдастырылған. Джип-турларды ұйымдастыратын маман бұл аумақтың табиғаты ерекше әрі көркем екенін атап өткен.

Айта кетейік, Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты бұған дейін де жаңа аралдар мен түбектің пайда болғаны туралы ақпарат тараған.

Новый остров в Каспии сняли на видео

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook