Басты бет / Жаңалықтар /
Мейрамбек Беспаев
Фото: instagram/@m_besbaev

Мейрамбек Беспаев жанкүйерлері оның жаңа өнеріне тәнті болды

Қазақстан әншісі, «МузАРТ» тобының солисі Мейрамбек Беспаев көпшілікке тағы бір қырын танытты. Өнер иесі Instagram парақшасында сурет салып жатқан сәтін жариялап, өзінің бейнелеу өнеріне де қызығатынын көрсетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әншінің бұл жолы табиғат көрінісін, яғни пейзаж салып жатқаны байқалады. Жарияланған туындысына оның жанкүйерлері ерекше назар аударып, өнерпаздың жаңа қырын жоғары бағалаған.

Мейрамбек Беспаев жазбасында:

«Жаз өтті,қаз өтті
Демессің қызық аз өтті…», – деп жазды.

Өнерпаздың сурет салғанын көрген желідегі оқырмандар оған жылы пікірлерін білдірді. Олар әншінің ән айтумен қатар, сурет өнеріне де бейімі бар екенін атап өтті.

Жанкүйерлері «Мәке, суретті де ән айтқандай керемет салады екенсіз», «Нағыз талант, ғұмырыңыз ұзақ болсын!», «Қандай керемет!», «Сізде мұндай таланттың да бар екенін білмеппіз!», «Шығармашылық шабыт тілеймін», «Бала кезімнен кумирім әрі сүйіктім», «Табиғат пен музыка бір арнада тоғысқандай керемет», «Қандай керемет суретші!»  деп пікірлер қалдырса, енді бірі өнер иесіне шығармашылық шабыт тіледі.

Осылайша, Мейрамбек Беспаев көпшілікке өзінің әншілік өнерінен бөлек, сурет салуға қызығушылығын да көрсетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram