Астанада 19 жастағы екі студент есірткі заттарын таратқаны үшін сотталды. Олар «Telegram» мессенджері арқылы есірткі таратуға бағытталған қылмыс схемасына қатысқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оларды ұстау кезінде аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленген.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен екі студенттің біріне 7 жыл, екіншісіне 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдардың «оңай жолмен ақша табуға» қатысты ұсыныстарына келіспеуге шақырады. Құқық қорғау органы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі бұған дейін де интернеттегі «жеңіл жұмыс» ұсыныстарының қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескерткен.
