Басты бет / Жаңалықтар /
көлік, жүргізуші, көлік нөмірі, номер
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Астанада мектеп маңында тұрған иесіз көліктер эвакуацияланды

Астананың Алматы ауданында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, автотұрақтарда қараусыз тұрған көліктерді анықтау және шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңына ерекше назар аударған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, мектептер мен басқа да білім беру мекемелеріне іргелес аумақтарда тұрған барлық иесіз автокөлік шығарылды.

Қараусыз көліктер неге эвакуацияланды?

Әкімдік мұндай көліктердің автотұрақ орындарын ұзақ уақыт бойы алып тұратынын атап өтті.

Бұдан бөлек, олар тұрғындардың еркін жүріп-тұруына және коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар қараусыз қалған автокөліктер аулалар мен көшелердің сыртқы көрінісіне кері әсер етеді. Қазір иесіз және ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған көліктерді анықтау жұмыстары аудан аумағында жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Тұрғындарға ескерту жасалды

Әкімдік тұрғындарды көлік құралдарын ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырмауға шақырды.

Мұндай көлік құралдары тұрақ орындарын алып қана қоймай, тұрғындардың еркін жүріп-тұруына және коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, – делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздікті бірлесіп сақтаудың маңызын атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram