Басты бет / Жаңалықтар /
Ақорда резиденциясы, Ақорда ғимараты
Фото: Ақорда

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, президент тиісті шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 2-тармағына сәйкес қабылдаған.

Құрылтайдың алғашқы сессиясы қашан өтеді?

Жарлыққа сәйкес, бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

Ақорданың хабарлауынша, жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Құрылтайдың бірінші шақырылымы мен оның сессияларының күн тәртібі туралы қосымша ақпарат кейін жариялануы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook