Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, ТЖМ, өрт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 127 адам эвакуацияланды

Алматының Бостандық ауданында 16 қабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шығып, ғимаратты қою түтін басқан. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 127 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде төрт бала бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өрт Абай даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің 9-қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жоғары дайындық дәрежесімен келген өрт сөндірушілер ғимараттың кіреберісі қалың түтінге толғанын анықтаған.

Құтқарушылар 127 адамды эвакуациялады

Төтенше жағдай кезінде ТЖМ қызметкерлері тұрғындарды дереу эвакуациялауға кірісті. Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары адамдарды құтқару жұмысына жұмылдырылды. Сонымен қатар өрт сөндіру автосатысы орнатылды.

Нәтижесінде 42 адам баспалдақ арқылы, тағы 85 адам құтқару қалпақтарының көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында төрт бала болған.

Өрт жедел сөндірілді

Құтқарушылар өртті қысқа уақытта сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың нақты себебі анықталып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok