Синоптиктер Қазақстан бойынша 26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар қалада жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады?
Алматыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз +27…+29°C аралығында.
Астанада да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C болады.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C.
Павлодарда түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C болады. Талдықорғанда түнгі температура +8…+10°C шамасында болса, күндіз +26…+28°C-қа дейін көтеріледі.
Қай қалаларда жаңбыр жауады?
Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +29…+31°C.
Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +31…+33°C болады.
Семейде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +23…+25°C күтіледі.
Өскеменде бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C болады.
Ал ең ыстық ауа райы Қызылорда мен Түркістанда болжанып отыр. Бұл қалаларда күндіз ауа температурасы +33…+35°C-қа дейін жетеді.
Ақтауда күндіз +30…+32°C, Жезқазғанда +28…+30°C, Көкшетауда +28…+30°C, Қонаевта +28…+30°C, Қостанайда +30…+32°C, Петропавлда +28…+30°C, Таразда +29…+31°C, Оралда +26…+28°C болады.
Қостанай, Петропавл және Таразда күндіз екпінді жел соғуы мүмкін. Түркістанда да екпінді жел күтіледі.
