Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Астанада Айтматов көшесінің бір бөлігі 5 күнге жабылады

 25 мен 29 тамыз аралығында Астанадағы Айтматов көшесінің бір бөлігі ішінара жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Молдағалиев көшесінен Сығанак көшесіне дейінгі аралық

Астана әкімдігінің мәліметінше, Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанак көшесіне дейінгі аралықта Ш.Айтматов көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан бес күн осы аумақ ішінара жабылады. Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті. Қауіпсіздікті қамту және қолайсыз жағдайдың алдын алу үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok