Негізгі мазмұнға өту
Басты бет / Білім /
Робот, роботехника, студент, компьютер
Фото: Айгүл Хожантаева

12-класс оқушысы әлемдегі үздік 5 жас бағдарламашының қатарына енді

Информатика пәні бойынша халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды. Ташкент қаласында өткен білім сайысына әлемнін 92 елінен жалпы 375 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасының оқушылары бір алтын мен үш күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Максим Цой алтын медаль жеңіп алды

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміздің ұлттық құрамасы әлем бойынша командалық есепте 10-орынға ие болды. Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-класс оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орынға табан тіреді. Осылайша, ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.
оқушы
Фото: Оrtcom.kz

Күміс медаль алған оқушылар

Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының Астанадағы 11-сынып оқушысы Алдияр Сейітбай, Қызылорда облысындағы 11-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов мен Семейдегі физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан күміс медаль алды.

Былтыр оқушылар командалық есепте 14-орын алған еді

Қазақстан құрамасының жетекшілері – Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және International University of Information Technology синьор-лекторы Қуанышбай Айбар. Былтыр ұлттық құрамадағы оқушылар үш күміс пен бір қола медаль жеңіп алып, әлем бойынша командалық есепте 14-орын иеленген еді. Биыл бұл көрсеткіш төрт сатыға ілгеріледі. Қазақстанның оқушылары информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар аралығында жалпы 79 медаль жеңіп алды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok