Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Құрылтайға 5 партия өтті. Мандаттар қалай бөлінді?

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша 145 депутаттық мандаттың саяси партиялар арасында қалай бөлінгенін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлау нәтижесінде бес саяси партия Құрылтайға өтті.

«Әділет» 110 мандат алды

Мандаттар партиялар арасында мынадай тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 мандат;
  • «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • ЖСДП – 8 мандат;
  • «Ақ жол» партиясы – 8 мандат.

Осылайша, Құрылтайдағы 145 орынның басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болды.

сайлау
Фото: ОСК

Бес партия Құрылтай құрамына енді

Бұған дейін жарияланған сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинаған еді. Сонымен қатар «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП 5 пайыздық межеден өтіп, депутаттық мандаттарға ие болды.

Ал Қазақстан Халық партиясы мен «Байтақ» партиясы қажет межеден өте алмады.

Айта кетейңк, ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің қорытынды нәтижесі жарияланды. Жалпы 9 351 539 Қазақстан азаматы Құрылтайды сайлауға дауыс берген.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram