Басты бет / Жаңалықтар /
Тау-кен өндірісі, шахта
Тау-кен өндірісіндегі шахта ©SZH.kz

Заңсыз кен өндіріп, лицензия талаптарын бұзған кәсіпорын басшысы сотталды

Шығыс Қазақстан облысында AK Metal ЖШС басшысы Д.К. Бектеміров заңсыз кен өндіру ісі бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

70 мың тоннадан астам кен заңсыз өндірілген

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, компанияға берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға мүмкіндік берген. Алайда кәсіпорын зертханалық және технологиялық зерттеу жүргізу сылтауымен темір кені мен темір кені концентратын өнеркәсіптік көлемде өндіріп, оны Қазақстанда және шетелде сатқан.

ҚМА дерегінше, заңсыз қызмет салдарынан жердің табиғи бедері өзгеріп, топырақ жамылғысы бүлінген. Сонымен қатар тау-кен қазбалары мен үйінділер пайда болып, аумаққа айтарлықтай техногендік әсер тигізілген.

Жалпы көлемі 70 мың тоннадан асатын өнім заңсыз өндіріліп, сатылған.

1 млрд теңгеден астам мүлік тәркіленді

Тергеу барысында заңсыз жолмен алынған табыс 1 млрд теңгеден асқаны анықталған.

Қылмыстық жолмен алынған табыс 1 млрд теңгеден асқан. Сотталған адам осы қаражатқа қымбат активтер сатып алған: Land Rover автокөлігі, бес бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай, екі тұрақ орны және Алматы мен Алматы облысындағы екі жер учаскесі. Сот құны 1 млрд теңгеден асатын бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот шешімі бойынша құны 1 млрд теңгеден асатын барлық мүлік мемлекет меншігіне өткізілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook