Басты бет / Жаңалықтар /
жаза
Видео скрині

Қызылордада «күлгенім үшін жазаландым» деген қыз қамауға алынды

Қызылордада 22 жастағы тұрғын бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынды. Сот оған әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қыз бірнеше құқық бұзушылық жасаған

Полиция мәліметінше, Шұғыла Сәбит түнгі уақытта тыныштықты бұзған, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған және ұсақ бұзақылық жасаған. Сонымен қатар ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылған.

Сот шешімімен қыз қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынып, ресми ескерту жасалды, – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)

Әлеуметтік желідегі жазбасын өшірді

Полиция қолданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшіргенін хабарлады.

Бұған дейін Шұғыла Сәбит әлеуметтік желіде өзін «күлгені үшін» жауапқа тартты деген ақпарат таратқан. ІІМ бұл мәліметті жалған деп атады.

Полицияның хабарлауынша, ол сонымен қатар билік өкілдеріне ашық түрде құрметсіздік танытқан.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok