Басты бет / Жаңалықтар /
ІІМ, полиция, полицей
Фото: ІІМ

Елордада қоғамдық орында шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды

Елордадағы әкімшілік ғимараттардың біріндегі фронт-офисте 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев болып шықты.

Полицияның мәліметінше, ер адамның әрекеті айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орында белгіленген мінез-құлық нормаларын бұзу ретінде бағаланған.

Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция қоғамдық орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын қасақана бұзуға және айналадағы адамдарға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok